Астананың бастауыш сынып оқушылары тегін аспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың бастауыш сынып оқушылары тегін аспен қамтылады

28.09.2015
Астананың бастауыш сынып оқушылары тегін аспен қамтылады

Астана қаласы мәслихатының 56-шы сессиясында елорданың Білім басқармасына 1 миллиард 162 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі қарастырылған болатын. Аталмыш қаржы көзінің 1 миллиард 93 миллион теңгесі қала мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі білім саласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Мемлекетте әлдебір жаңа жобалардың апорбациясы жүргізілсе, Астана әрдайым бірінші кезекте тұрады. Астана - әкімдік пен мәслихат тарапынан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтанумен қамтамасыз ету бастамасы қолдау тапқан еліміздегі жалғыз қала. Сонымен қатар, мәслихат шешіміне сай 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы беріледі»,- дейді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Хабарламаларға жазылу