ДДСҰ: Еуропалықтар алкоголь өнімдерін тұтынуда әлем бойынша көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Еуропалықтар алкоголь өнімдерін тұтынуда әлем бойынша көш бастап тұр

27.09.2015
ДДСҰ: Еуропалықтар алкоголь өнімдерін тұтынуда әлем бойынша көш бастап тұр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұрғындар арасында түрлі аурулар мен семіздікке шалдықтыратын шектен тыс тамақтану, ішімдік тұтыну, сондай-ақ, шылым шегудің азаймай отырғанына қарамастан, Еуропада өлім деңгейінің төмендегенін мәлімдеді.

Ұйымның келтірген мәліметтеріне сәйкес, Еуропа артық салмақты адамдар саны бойынша, америкалықтардан аз ғана кейін қалған. Сарапшылар мұндай жағдай болашақта олардың өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне әкеліп соғатынын айтады.

Баяндамада Еуропаның әр аймағындағы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі екені көрсетілген. Испаниялық әйелдер ресейлік ерлермен салыстырғанда, орташа есеппен 22 жыл артық өмір сүреді.

Ресей, Беларусь және Молдовада орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасты құрап отыр. Ал, Франция, Италия, Испаниядағы орташа ұзақтық бұдан 11 жылға артық.

Сондай-ақ, еуропалықар алкоголь өнімдерін тұтынуда әлем бойынша көш бастап тұр. Әзірбайжан, Түркия елдерінде - орта есеппен бір жылда әр адамға 1,4 литр таза спирттен келсе, Германияда 11, Беларусь елінде бұл көрсеткіш 14, 4 литрді құрап отыр. 

Хабарламаларға жазылу