«Сын сағат» драмасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сын сағат» драмасын көріңіз

27.09.2015
 «Сын сағат» драмасын көріңіз

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін.

 Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай болмайды.

Қателіктер мен өкінішті сәттер де болады екен. Арасындағы бір қыз үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді. Бұл сынақтан қалай өтер екен?      

Юн Ын Хе, Пак Хань Пёль, Чха Йе Рён басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу