Елордада бірінші мұғалімдер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бірінші мұғалімдер форумы өтті

23.09.2015
Елордада бірінші мұғалімдер форумы өтті

Шараға елорданың 400-ге жуық ұстазы, астаналық білім беру мекемелерінің, Білім басқармасының мамандары, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Астана қаласы Білім басқармасысының басшысы Эльмира Суханбердиева, аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның әрбір қаласында 21-30 қыркүйек аралығында мұғалімдер Күні қарсаңында осындай форумдар өтеді. 

Бүгін «Алтын белгі» иегерлерін  және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаздарын дайындаған 130 ұстаз құрмет грамоталармен марапатталады.

 «Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл біздің еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп жатқанның белгісі»,-деді  №6 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Татьяна Нисифорова.

Атап өту керек, 2015 жылы Астана қаласының 200-ге жуық оқушысы халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары атанды. Астаналық команда республика бойынша қатарынан 9 жыл «Үздік команда» ретінде аталып өтті. ҰБТ нәтижесі бойынша Астана бірінші орында. Осының барлығы біздің қаламыздағы мектеп педагогикалық ұжымдарының орасан еңбегі.

Еске сала кетейік, Астана қаласында жалпы білім беретін  91 мектепте 7 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде біліктілігі жоғары және бірінші санатты мамандар 55 пайызды құрайды.

 

 

Хабарламаларға жазылу