Фредди Роуч: «Головкин нөмірі бірінші боксшы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фредди Роуч: «Головкин нөмірі бірінші боксшы»

23.09.2015
Фредди Роуч: «Головкин нөмірі бірінші боксшы»

Бұл туралы  Sports.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Роуч қазақстандық боксшының өзіне лайықты боксшылармен кездеспегенін, осыған қарай одан кереметтей бір ерекшелік көріп тұрмағанын айтқан болатын. Шамасы ол Флойд Мейвезер бокстан кеткенінен кейін өзінің пікірін өзгерткен болуы керек.  

«Ол қазір ең мықты боксшы. Ол өзінің қарсыластарының барлығын нокаутқа жіберіп жатыр. Ол атышулы боксшылармен кездескен жоқ, алайда қазір орта дивизионда айтулы боксшылар жоқ. Ал, оның алдына сіз кімді әкелсеңіз де ол оны нокаутқа жібереді. Маған оның жұдырықтасулары ұнайды», - деп жеткізеді әйгілі бапкердің сөздерін FightHype.com. 

 

Хабарламаларға жазылу