Қызылордада қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық жарыс өтеді

22.09.2015
 Қызылордада қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық жарыс өтеді

Дүбірлі бәсекеге Қазақстан Барыстары бастаған 30-дан аса Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының палуандары мен  Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің спортшылары қатысады. 

Шараның мақсаты - жастар арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру және жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қазақ күресі федерациясы.

Жарыста Қызылорда облысының намысын 10 спортшы қорғайды.

Жүлде қоры: I орынға – Nissan patrol, II орынға Toyota camry 55, III орынға Toyota corolla  және IV орынға Lada priora  жеңіл автокөліктері. 

Жарыстың бас төрешісі - Нұрлыбек Ермағанбетов (Астана қ.)

 

Хабарламаларға жазылу