Монако 2016 жылдан бастап, полиэтилен пакеттерге тыйым салғалы отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монако 2016 жылдан бастап, полиэтилен пакеттерге тыйым салғалы отыр

22.09.2015
Монако 2016 жылдан бастап, полиэтилен пакеттерге тыйым салғалы отыр

Жақында ғана Casino du Port Hercule супермаркеті полиэтилен заттарды таратуды тоқтатқан болатын.   

2016 жылдан бастап, тыйым салынатын екінші қайтара пайдалануға болмайтын заттардан арылу жөніндегі шараларды князьдықтың сауда орталықтары мерзімінен бұрын жүзеге асыруда, деп хабарлайды bin.ua.

«Князьдық үкіметінің шешімі бойынша, кассаларда таратылатын полиэтилен пакеттер енді берілмейді. Саудалауға тек кәдімгі матадан дайындалған қаптар жіберілуде»,-делінген  Monaco Matin супермаркетінің басшылығы таратқан хабарламада.

Үкімет өкілі Мари-Пьер Грамаглия аталмыш шара полиэтилен заттардың теңізге тасталуын қысқарту мақсатында жуық арада іске қосылуы тиіс шешуші шаралардың бірі болып табылатындығын айтады.    

Сонымен қатар, Үкімет азық-түлікті табиғи түрде жойылып кететін қағаз қораптарға салуды міндеттеп отыр.  Аталмыш шара 2019 жылы күшіне енеді, ал келесі жылдан бастап, бір реттік пластикалық заттарды тегін  және ақшаға беруге тыйым салынады.

   

Хабарламаларға жазылу