Футзал. Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзал. Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

21.09.2015
Футзал. Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін Босния және Герцеговина құрамасын қарсы ойында жеңіске жету керек.

Жеңіске жетпеген күннің өзінде де, қарсылас құрамадан 5 доп айырмашылығымен жеңілмеу керек. Сонда ғана, футзалдан Ұлттық құрама тұңғыш рет Еуро турнирде ойнайды.

Босния және Герцеговинада өткен алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 0:5 есебімен жеңіске жеткен. Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео бір голдан салса, Дуглас дубль авторы атанған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Босния және Герцеговина арасындағы матч 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады.

Ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу