Чилиде жер сілкінуінің салдарынан мыңдаған адамдар баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде жер сілкінуінің салдарынан мыңдаған адамдар баспанасыз қалды

21.09.2015
Чилиде жер сілкінуінің салдарынан мыңдаған адамдар баспанасыз қалды

Бұл туралы Firstpost.com хабарлайды.

Баспанасыз қалған азаматтар саны билік өкілдерінің жер сілкінісінің эпицентрі болған Кокимбо провинциясынан шалғай жатқан елді мекендерді аралап көруінен кейін күрт артты.  

Магнитудасы 8,4 болатын жер асты дүмпулерінің эпицентрі Вальпарайсо қаласына жақын жерде болды.

Жағалауға биіктігі 4,5 метр болатын толқындар ұрған. Бұдан кейін Чили жағалауларына жақын маңда тағы бірнеше рет жер дүмпуі болды.

 

Хабарламаларға жазылу