«Таңшолпан» бағдарламасындағы «Мен астаналықпын» айдарының бүгінгі кейіпкері - Қайым Мұхамеджановтың мұрасын зерттеуші әрі жинақтаушы Ербол Іргебай.
Оның шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық етіп жүргеніне 30 жылдан астам уақыт өтті.
«Ұстаз қандай болсын істі бар ынтасымен атқара білуі керек. Өйткені, ол - елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиешісі. Сондықтан, бұл міндетті үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі мол адам ғана атқаруы тиіс», дейді ол
Бүгінде Ербол Іргебай жетекшілік ететін елордадағы Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің көңіл қуантарлық жетістіктері жетерлік.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.