«Түпкірдегі мекен» комедиясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түпкірдегі мекен» комедиясын көріңіз

20.09.2015
«Түпкірдегі мекен» комедиясын көріңіз

Жоғары сыныпта оқитын Бриттани мен Наташа бір сарынды өмірден жалыға бастайды. Өзгеріс күтіп  жүрген олардың бір күні армандары орындалады.

Бұл мекенге олардың сүйікті әншісі Джордан Кейхилл келіп, клип түсіреді. Тағдырдың тосын сыйы шығар, қыздардың қолына оның ұялы телефоны түседі. Міне, осы кезден бастап қызық басталады.      

Режиссер  Сэвидж Стив Холландтың «Түпкірдегі мекен» комедиясында басты рөлдерді Даниэль Панабэйкер, Бренда Сонг, Аманда Шоу сомдайды.

Туындыны бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:35-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу