«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Батырлар» анимациялық туындысы «ТЭФИ-Содружество» фестивалінде марапатталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Батырлар» анимациялық туындысы «ТЭФИ-Содружество» фестивалінде марапатталды (ФОТО)

19.09.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Батырлар» анимациялық туындысы «ТЭФИ-Содружество» фестивалінде марапатталды (ФОТО)

Тәжікстанның астанасы Душанбеде «ТЭФИ-Содружество» V халықаралық телевизиялық фестивалі аяқталды.

Биылғы байқаудың тақырыбы – «Таяу шетел және ТМД елдеріндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған телевидение».

Бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық фестивальге қатысу үшін Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Украинадан 54 жұмыс келіп түскен.

Еліміз атынан фестивальге «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Батырлар» анимациялық туындысы қатысып, дипломмен марапатталды. Байқауға сынға түскен жұмыстарды сарапшылар кеңесі бағалады.

 

Хабарламаларға жазылу