«Қазақстан дауысы» – жобасының жаңа маусымы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» – жобасының жаңа маусымы басталады

18.09.2015
«Қазақстан дауысы» – жобасының жаңа маусымы басталады

Айта кетейік, аталмыш жобаның ІІ кезеңінің рейнтигі басталысымен шарықтап шыға келді. Сөйтіп, «Қазақстан Дауысы» тележобасы 2014 жылғы отандық телешоулардың ең үздік ондығына ілінді. Бұл расында да бүкіл Қазақстан аумағынан жаңа таланттарды анықтауға бағытталған музыка мен шоу-бизнес әлеміндегі ең маңызды жобалардың бірі.    

Бұл ретте қалың көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырып отырған жәйт - өзінің шығармашылық жоспарларына байланысты жобадан бас тартқан Медеу Арынбаевтың орнын кім алмастырады деген мәселе. Әрине, бұл рөлге келем деушілер көп. Дегенмен, Медеу Арынбаевтың орнына тап  оның өзі сияқты талантты музыкант және әнші Рүстем Нұржігіт келді.

Рүстем  кескін-келбеті ерекше, тартымды жан. Біз оның жас та тың ойлары мен көзқарасы байқауға қатысушылар үшін де көрермендер үшінде қызықты  болады деген ойдамыз.

Рүстем болса алдағы болатын тележоба жөнінде: «Мен үшін «Қазақстан Дауысы» сияқты жалпыхалықтық жобаға қатысу үлкен мәртебе және мен осы жобаға барынша өзімнің үлесімді қосатын боламын. Сондай-ақ мен көптеген айтулы азаматтардың ішінен таңдаудың маған түскеніне қуаныштымын. Бұл барша халыққа ортақ жоба, сондықтан біз еліміздегі ең мықты дауысты таңдауымыз керек, бізге қателесуге болмайды. Мен әрине, жобада әділқазылар алқасының мүшесі ретінде қатысу үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін, өйткені ең мықтыны таңдау қашанда оңай емес.  

Мысалы, бүгін ағылшын тілінде ән айтып шыққан өнерпаз, ертең жаныңды тебірентер әнді қазақ тілінде орындауы мүмкін. Байқауға қатысушылардың арасында сахнаға алғаш рет шығып тұрғандар әншілер де, әншілік өнерді әбден меңгерген кәсіби өнерпаздар да бар. Сондықтан мен тағы да қайталап айтамын, бізге қаталесуге болмайды»,-деді.   

Шоу жобаның әдеттегі вокалдық байқаулардан ерекшелігі осы жолы байқауға қатысушылардың дауыс реңктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Байқауға қатысуға ниет білдірген жүздеген азаматтардың арасынан ең үздік деген 4 әнші - Нұрлан, Албан, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Рүстем Нұржігіт байқауға қатысушылардың арасында өздеріне ұнағандарын алғашқы тыңдауда-ақ таңдай бастайды.   

Айта кетейік, әлемге танымал The Voice of Holland (Нидерланды) немесе  «Дауыс»  телешоуының қазақстандық үлгісінің бірінші маусымы 2013 жылы басталған болатын.  Онда  Бас жүлде 5 миллион теңге үшін елдің ең дарынды орындаушылары бақ таластыратын болады.  

«Қазақстан Дауысы» өзінің талантыңды бүкіл Қазақстанға танытуға мүмкіндік беретін  вокалды телевизиялық шоу. Бұл елдің ең үздік вокал әншілерін анықтауға мүмкіндік беретін әлемдегі танымал музыкалық шара. Жоба әлемнің 50-ден астам мемлекетінде кеңінен тараған. Бүкіл жоба бойынша әншілер әндерін таза, табиғи дауыспен орындайды. Жалпы мұнда бәрі тірі, бәрі жанды көрермендердің көңіл-күйлері де әндер де.    

«Қазақстан дауысы» жобасының жаңа маусымында жаңа ереже енгізілді. Оны сіздер «Қазақстан» телеарнасынан 20-қыркүйекте сағат 21-00-де білесіздер.

 

 

Хабарламаларға жазылу