Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болмайды

17.09.2015
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болмайды

Кей жерлерде жел күшйіп, тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақтан облыстарында да тұман түсуі мүмкін.   

Жамбыл, Қызылорда және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік жүреді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде және Жамбыл, Батыс Қазақстан Қарағанды, Қостанай облыстарында өрт қаупі күшейеді.    
 

 

 

Хабарламаларға жазылу