18 қыркүйек, сағат 10:00-де Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы байқауының жеңімпаздарына стипендиялар мен гранттарды тапсыру салтанаты өтеді.
Байқау жас ғалымдарды қолдау және елдегі жетекші университет студенттерінің фармацевтика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған.
«SANTO Академиялық бағдарламасы» 2013 жылы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында қолға алынған жоба.
Шара ұйымдастырушысы - «Santo Member of Polpharma Group» сауда белгісімен еліміздегі фармацевтика нарығындағы көшбасшы саналатын «Химфарм» акционерлік қоғамы.