Елордада ұсынылған денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көлемі 32 млрд теңгеден асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ұсынылған денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көлемі 32 млрд теңгеден асады

16.09.2015
Елордада ұсынылған денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көлемі 32 млрд теңгеден асады

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы екінші тоқсанда Астана қаласы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету  ұйымдары ұсынған негізгі қызмет түрлерінің көлемі 32 млрд 311 млн теңгені құрады.

Астана қаласында өткен тоқсанда денсаулық сақтау саласында 31 млрд 636 млн 630 мың теңгенің жалпы көлемі 97,9% қызмет көрсетілді. Қызметтердің ең үлкен көлемі (49%) ауруханалық ұйымдардың қызметі есебінен қалыптасты, олар 15 млрд теңге көлемінде қызмет көрсеткен.

Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 5 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 16,9%, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 3 млрд теңгеден артық (10,4%) сомаға қызмет көрсеткен. 

Стоматология саласында қызмет көрсететін ұйымдар 730 млн 226 мың теңге (2,3%) көлемінде қызмет көрсетті. 

Сондай-ақ тұратын орынмен қамтамасыз ететін және тұратын орынмен қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар өткен тоқсанда  675 млн 230 мың теңге, жалпы көлемі 2,1% сомасына қызмет көрсеткен.

 

Хабарламаларға жазылу