Елордада жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды

16.09.2015
Елордада жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды

Жалпы, 2010 жылдан бері жалпы көлемі 83 млрд теңгеден асатын 470 жоба қолдау тапқан.

Астана қаласы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының хабарлауынша, 2015 жылғы 1 қаңтар бойынша «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағыт аясында 3 мың 800 адам оқып, бизнесті жүргізу бойынша 10 мыңнан артық қызмет көрсетілген.

Салалық бөліністе  өндеу өнеркәсібіндегі жобалар 30 пайыз,  қызмет көрсету саласында – 70 пайызды  құрайды, атап айтқанда, көлік саласында – 35,7 пайыз, қонақ үй бизнесінде – 10,7 пайыз, білім беру – 7,7 пайыз, денсаулық сақтау – 9 пайыз  өзгелері  9,7 пайызды құрады.

Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында қалада жетіспейтін инфрақұрылымды салу үшін 2015 жылы үш жобаға 81,8 млн теңге, ал 2010 жылы 35 жобаға 2,5 млрд теңге бөлінді.

Соның ішінде бағдарлама гранты аясында 60 млн теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Бұл жобалар қағаздан стакан, жұмыс қолғаптарын, сыртқы және балалар киімін жасау өнеркәсібімен, жылыжай құрылысы, сынап қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған такси қызметін ұйымдастыру, шұлық тігу, «құтқару түймесі» әлеуметтік жобасы және т.б. жобалармен байланысты. 

 

Хабарламаларға жазылу