Жобаны іске асыруға Швейцарияның ынтымақтастық және даму агенттігі Дүниежүзілік банк әкімшілік ететін Сенімгерлік қоры арқылы 21,7 млн. доллар грант бөлді.
Жоба мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энерготиімділігін арттыруға, сондай-ақ, институциялық базаны, оның ішінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды қаржыландыру тетіктерін құруға бағытталған.
Жоба мемлекеттік және әлеуметтік ғимараттарда оның ішінде мектеп, балабақша, аурухана мен көшелерді жарықтандыруда энергияны тиімді пайдалануға бағытталған.
Жоба 2016 жылы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында 19 әлеуметтік нысанда (8 мектеп, 11 мектепке дейінгі мекеме) жүзеге асады.
Осы іріктеп алынған ғимараттарды салу кезінде жылу беру мен жарық беру жүйелері ауыстырылады.
Жобаның атқару агенттігі Электроэнергетика мен энергосақтандыруды дамыту институты.