Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

14.09.2015
Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

«Менің бокстағы жолым осымен бітті. Қашан және қандай жағдайда тоқтау қажеттігін әркім білуі керек. Қазір менің осындай шешім қабылдайтын уақытым келіп тұр. Мен бокспен 19 жыл бірге болдым, оның 18 жылында чемпион болдым.

Менің денсаулық жағдайым жақсы, қаржылық жағдайым да қиын деп айта алмаймын. Менің тарихтағы орныма келетін болсақ, ол туралы ештеңе айтқым келмейді. Оған бокс жанкүйерлері баға бере жатар. Алайда, мен өзімнің рекордымды кімнің жаңартатынын ерекше қызығушылықпен бақылайтын боламын»,-дейді бокс жұлдызы ESPN басылымына берген сұхбатында.

 

  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу