Астанада Отбасы күніне орайластырылған экологиялық сенбілік өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Отбасы күніне орайластырылған экологиялық сенбілік өтеді

11.09.2015
Астанада Отбасы күніне орайластырылған экологиялық сенбілік өтеді

12 қыркүйекте сағат 11:00 «Наз» Мемлекеттік би театры алдындағы алаңда «Помоги своей планете стать лучше!» ұранымен экологиялық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталған шара тазалық пен тәртіпке шақырады, ал жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ.

Экологиялық сенбілікке 300 жуық адам жұмылдырады. Шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, жиналған өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жүзеге асырылады.

Шара аясында қала тұрғындары өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша екінші рет өткізілетін шеберлік сыныбына қатысады. Балалар топтарға бөлініп, қараторғайларға ұя жасауды үйренеді. Ал қазылар алқасы ең үздік топты анықтайтын болады.

Хабарламаларға жазылу