Облыс басшысы Германияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Гидо Херц мырзамен кездесуі кезінде бұл басқосудың өңірге үлкен қаржыны тартуға мүмкіндік беретінін айтты.
«Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы, мұнай және мұнай өнімдері, құрылыс материалдары мен тоқыма өнеркәсібіне, уран мен металл өндіруге бейімделген аймақ. Оңтүстік Қазақстан трансформатор жасау мен мақта талшықтарын шығаруда көшбасшы өңір. Облыс аймағында республика көлемінде өндірілетін дәрі-дәрмек құралдары мен жанармайдың жартысына жуығы өндіріліп, шығарылады. Өңірдің өндірістік, экономикалық әлеуеті жоғары. Неміс инвесторларының қатысуымен аймақта жаңа жобалар іске қосылып жатса, біз оған тек қуанамыз», - деді облыс басшысы.
Кездесуде тараптар өзара тиімді әріптестік пен аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын сөз етті.
Бүгінгі таңда ОҚО аймағында жалпы құны 52 млрд. теңгені құрайтын, неміс инвесторларының қаржысына салынған 3 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.