2016 жылы Парламентке жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру Заң жобасы енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы Парламентке жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру Заң жобасы енгізілмек

10.09.2015
2016 жылы Парламентке жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру Заң жобасы енгізілмек

2016 жылдың соңына қарай Парламентке жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

 «Қазіргі кезде ол  (жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру) бес жылдан немесе бір жылдан кейін болатындығы белгісіз. Себебі, бүгінде елімізде аталған тетікті енгізудің тұжырымдамасын әзірлеу бойынша топ жұмыс істеп жатыр. Жоспар  бойынша олар  2016 жылдың соңында Заң жобасын Мәжіліске енгізуі тиіс»,-деді министрдің орынбасары.

Осы орайда ол бұған дейін аталған құжат жобасы талқылаудан өтетіндігін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу