«Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі» атты І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі» атты І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

10.09.2015
 «Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі» атты І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Конференцияның мақсаты – дұрыс тамақтанудың өзекті мәселелерін және проблемаларын талқылау, қатысушыларды жоғалып бара жатқан дәстүрлі тағам өнімдерімен және жергілікті фермерлік шаруашылықтардың өнімдерімен таныстыру. 

Конференцияға Италиядан, Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстан өңірлерінен келген делегаттар, сондай-ақ ғалымдар, отандық өндірушілер өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық тамақтандыру саласының белгілі өкілдері, фермерлер, рестораторлар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысады, деп хабарлады бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері.   

«Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі» - «Slow Food International», компаниясының қазақстандық «Slow Food Astana» конвивиумы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен және «ОТБАСЫМ» ұлттық құндылықтар орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып отырған бірінші халықаралық конференция.

«Slow Food» халықаралық коммерциялық емес ұйымның идеологиясы – тамақ әзірлеу үшін химикаттарыз өсірілген өнімдерді ғана пайдаланып, таза тамақ тұтыну талғамын тәрбиелеу, жоғалып, ұмытылып бара жатқан  мәдениетті халыққа қайтару.

 «Слоу Фуд» қауымдастығының «Дәм қайығы» жобасы («Ковчег вкуса») – ұмыт болған өнімдерді, тамақтарды іздеп тауып, қалпына келтіріп, ұмыт болған өнімдер каталогына енгізу жылын жариялады. Осыған байланысты конференция аясында «Қазақстан жерінің дәмі – біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүрлеріміз» атты көрме  өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу