Ашылу рәсімін «Ядролық нөлге бағытталған жолында: қарама-қайшылықтарды шешу» тақырыбындағы жоғарғы деңгейлі панельдік сессиясы жалғастырып, оған БҰҰ және АҚШ, Хорватия, Кирибати елдерінің, сонымен қатар МАГАТЭ мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы ұйымының өкілдері қатысады.
Сарапшылар ядролық қарудан азат әлем құру мүмкіндіктері туралы өз түсініктемелерін беріп, ядролық қарусыздандыру мен оны таратпау мәселелері бойынша тәсілдердің ортақ амалын табу туралы пікірлерімен бөліседі.
Нью-Йоркте өтетін іс-шаралар барысында АТОМ жобасы мен оның Құрметті елшісі Қаріпбек Күйіков Қазақстандағы ядролық сынақтардың қасіретін баяндап, елдің ядролық қарусыздануы мен ядролық қарудан азат әлем үшін науқаны туралы хабар береді.