«Сақ» киностудиясының «Қазақ елі» туындысы желтоқсан айында барлық кинотеатрда көрсетіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сақ» киностудиясының «Қазақ елі» туындысы желтоқсан айында барлық кинотеатрда көрсетіледі (ВИДЕО)

09.09.2015
«Сақ» киностудиясының «Қазақ елі» туындысы желтоқсан айында барлық кинотеатрда көрсетіледі  (ВИДЕО)

«Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшылар», «Толағай», «Маймақ қаз», «Мұңлық - Зарлық» секілді 50-ге жуық ерекше туындылармен көпшілікке жақсы таныс «Сақ» киностудиясының құрылғанына биыл 15 жыл.  Таяуда жарыққа шығатын «Қазақ елі» деп аталатын жоба Қазақ хандығының 15 жылдығына арналған.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Қазақ хандығы туралы «Қазақ елі» жобасын ұсындық. Комиссия ұсынысымызды қолдады», - дейді «Сақ» студиясының директоры Нұриддин Пәттеев.

Оқиға желісі Керей мен Жәнібектің бала кездерінен басталып, Қазақ хандығының іргетасын қалаған уақытты қамтиды. Мақсаты – балаларға тарихты терең ұғындырып, тұлғалар бейнесі арқылы жеткіншектердің патриоттық болмысын қалыптастыру.

Бір сағаттық фильмді Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері дыбыстау үстінде. Ал, арнайы жазылған әндерді Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды әншілер орындайды.

Туынды желтоқсан айында  Тәуелсіздік мерекесіне орай барлық кинотеатрда көрсетіледі.

«Қазақ елі» анимациялық мультфильмі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу