Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Швейцария жастарынан ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Швейцария жастарынан ұтылып қалды

08.09.2015
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Швейцария жастарынан ұтылып қалды

Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол ойынның 85-минутында соғылды. «Грассхопперс» шабуылшысы Шани Тарашадж пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Қазақстандық футболшылар қарсыласына қарағанда жеңіске жақын болған еді. Бірінші таймда Әлішер Сүлейдің соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты. Швейцария құрамасы допқа иелік етуде басымдық танытты. Алайда, қазақстандық футболшылардың шабуылы өткірлеу болды.

Екінші таймда да қонақтар допты бақылауда ұстап, шабуылдарын үдете түсті. Біздің футболшылардың ойын соңында шаршағаны байқалды. Ойынның 85-ші минутында қонақтар он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.

Қазақстан U-21 — Швейцария U-21 - 0:1 (0:0)

Гол: Тарашадж с пенальти 85 (0:1)

Ескерту: Сартаков 84, Тұңғышбаев 87 — Закария 49, Бертоне 64, Хадергьонай 87

Қазақстан U-21: Павлов, Аслан, Рудосельский, Сартаков, Төлиев, Шайхов, Федин (Балтабаев 71), Жалмұқан, Сүлей, Тұңғышбаев, Әйімбетов

Швейцария U-21: Мвого, Хадергьонай, Анга, Аканджи, Гюлен, Янко (Хелифи 58), Бертоне, Закария, Родригес (Суттер 90), Табакович (Камбери 80), Тарашадж

Бас төреші: Никола Попов (Болгария)

7 қыркүйек. Алматы. Орталық стадион.

Хабарламаларға жазылу