Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні

08.09.2015
Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні

Бұл күн 1943 жылы 8-қыркүйекте неміс басқыншыларының қолынан түрмеде азаптап өлтірілген чех журналисі, жазушы-антифашист Юлиус Фучикті еске алуға арналады.

Юлиус Фучик Прага түрмесінде жазылған «Дар тұзағындағы репортаж» атты кітабымен әлемге әйгілі. Оның өзі өлгеннен кейін кітабы әлемнің 70 тіліне аударылды, ал 1958 жылдан бастап Фучик өлген күн Халықаралық журналистердің ынтымақтастығы күні атап өтіле бастады.

Бұл журналистердің бір-бірін қолдап, бір-біріне деген құрметі мен ынтымақтастығын сезініп,  әсіресе өз құқықтарын қорғау бойынша, ауызбіршілік танытатын күн.  

Халықаралық журналистердің ынтымақтастық күні әдетте, журналистикамен байланысты мәселелер бойынша, әсіресе журналистердің құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты түрлі жиындар мен конференциядар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ журналистер бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдіреді. Тіпті, журналистика саласындағы түрлі сый-сыяпаттар мен марапттарды да осы күнге жоспарланады.    

Баршаға мәлім АҚШ-тағы журналистерге берілетін ең жоғарғы сыйлықтардың бірі де осы 8-қыркүйек күні тапсырылады.

Хабарламаларға жазылу