Олар: Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшелердің қиылысындағы 250 орынға арналған қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Железнодорожный тұрғын үй алқабында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы, сонымен бірге бір ауысымда 150 келушіге арналған 250 орындық медициналық-санитарлық оңалту орталығы.
Айта кетейік, ағымыздағы жылдың басынан бері Астанада бір ауысымда 350 ересек пен 150 баланы қабылдайтын жаңа амбулаторлық-емханалық кешен, «Ильинка» тұрғын үй алқабында бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы пайдалануға берілді.