Астанада құрылыс саласында атқарылған жұмыстар 213 млрд. теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрылыс саласында атқарылған жұмыстар 213 млрд. теңгеден асты

07.09.2015
Астанада құрылыс саласында атқарылған жұмыстар 213 млрд. теңгеден асты

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, жалпы көлемнің құрылыс жұмыстарының құрылымында 96,7 пайыз құрылыс-монтаж жұмыстарына, 2,1 пайызы күрделі жөндеуге, 1,2 пайыз ағымдық жөндеуге тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу бойынша жұмыстар басым үлеске ие, олардың көлемі 113686,4 млн теңгені (53,3%) құрады, 15246,4 млн. теңге (7,1%) өзге мамандандырылған құрылыс жұмыстарында игерілді.

Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 1 062 570 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.

 

 


 

Хабарламаларға жазылу