Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын нығайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын нығайтты

07.09.2015
Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын нығайтты

Қазіргі таңда мұнда қосымша жасауылдар қойылып, ішкі қауіпсіздік шарасы нығайтылды, деп жазады Қырғызстанның kabarlar.org агенттігі.

Бұған қоса, екі елдік шекарашылары ведомстволар арасында жедел ақпарат алмасу шараларын белсендендірді. Қырғызстан- Тәжікстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу-бақылау  тіректеріндегі жұмыстар штатық режимді жүріп жатыр.   

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанда осы елдің Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарының жетекшілігімен 100-ден астам десантты-шабуылдау бригадасының жауынгерлері  бүлік шығарып, ішкі істер бөлімі мен Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратына шабуыл ұйымдастырды.    

Түрлі мәліметтер бойынша, осы әрекеттердің салдарынан 17-ден 33-ке дейінгі аралықта адамдар мерт болып, бүлікшілер мол көлемдегі қару-жарақ пен техниканы иемденген. Лаңкестер Душанбе маңындағы таулы алқаптарды жасырынып жүр.   

Хабарламаларға жазылу