«Шұғылада» 50 пәтерлі бір, 60 пәтерлі үш үй салынып жатыр. Яғни, «Қазақстандық несие компания» АҚ тарапынан жалпы ауданы 13400 шаршы метр болатын 230 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтамақ.
Тағы 280 пәтерлі 5 үй «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл үйлер қазан айында пайдалануға беріледі.
Аймақ басшысы құрылысшыларға сапаға аса мән беріп, уақытында нысанды тапсыру қажеттігін ескертті.
Жалпы алғанда, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 2080 пәтерлі 41 үй пайдалануға берілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.