Селфидің соңы тағы да қайғылы жағдайға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Селфидің соңы тағы да қайғылы жағдайға ұласты

06.09.2015
 Селфидің соңы тағы да қайғылы жағдайға ұласты

CBS Los Angeles басылымының хабарлауынша, 36 жасар Алекс Гомес қауіпті бауырымен жорғалаушыны өзінің отбасының ранчосының маңынан көрген.  

Ол уақытта оның қасында немере інісі Ронни да болған. Оның сөзінше, жылан адамдарды көрген сәтте бірден айбат шегіп, құйрығының ұшымен сырылдаған дыбыс шығар бастаған. Алайда, Гомес бұған мән бермей, өзінің ойын іске асыруға әрекеттенген. Нәтижесінде жылан оқша атылып, оның қолынан шағады.

Жылан шаққан соң  онымен суретке түспек болған азаматтың қолы қатты ауырып, жылан тісі кірген жер үлкен болып ісіп  кеткен. Азамат жайсыз оқиғадан соң бірден жергілікті ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған жыланның уына қарсы дәрілер егуде. Алайда, ақ халаттылардың әрекеттеріне қарамастан, зардап шеккен азамат қолынан айырылып қалуы мүмкін. Өйткені қазір  сондай қауіп туып отыр.

Гоместің шешесінің сөзінше, оның қолы іріңдей бастаған.  

Құзырлы орган мәліметтері бойынша, Калифорнияда оқ жыландар жылына 800 адамды шағады. Оның 1-2-нің соңы адамның мерт болуымен аяқталып жатады.   

Ал, селфидің соңы  соңғы уақытта, көптеген қайғылы жағдайларға ұласып отыр. Ақпарат құралдарында өкілдері  суретке түспек болғандардың бірі суға батып, құздан құлап, пойыз астына түсіп, найзағай ұрып мерт болғандығы жөніндегі ақпараттарды жиі тарататын болды.    
 

    

Хабарламаларға жазылу