Журналистер арасында «Chevening Scholarships» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында «Chevening Scholarships» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

05.09.2015
Журналистер арасында «Chevening Scholarships» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Әлем журналистері арасында «Chevening Scholarships» стипендиялық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды.

 «Chevening Scholarships» - Ұлыбритания үкіметінің елдің Сыртқы істер министрлігі және серіктес ұйымдарымен қаржыландырылатын әр сала кәсіпқойларының көшбасшылық әлеуетін көрсетуге бағытталған жобасы.

Бағдарлама елдің кез келген жоғары оқу орнынан магистрлық білім беруді қарастырады.

Оған бакалавриатта үздік нәтиже көрсеткен және 2 жылдан 5 жылға дейінгі кәсіби тәжірибесі бар үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылардың ағылшын тілін еркін меңгеруі шарт.

Өтінімдер қабылдау ағымдығы жылдың 3 қарашасына дейін жүргізіледі.

 

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу