Қызылордадағы шыны зауыты күніне 600 тонна шыны табақшасын өндіретін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы шыны зауыты күніне 600 тонна шыны табақшасын өндіретін болады

04.09.2015
Қызылордадағы шыны зауыты күніне 600 тонна шыны табақшасын өндіретін болады

Шыны зауыттың құрылысы Қызылорда қаласы, Титов мөлтек ауданында орналасқан индустриялдық аймақта жүргізіліп жатыр. Зауыт күніне 600 тонна шыны табақшасын өндіретін болады.

Шыны зауытына қажетті шикізатты Қызылорда облысында орналасқан Сарышоқы кен орнынан жеткізу көзделіп отыр. Қосымша қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және  Өзбекстаннан тасымалданады.

Жобаның жалпы құны 197 млн доллар. Қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму банкі» бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы мен Қазақстан инвестиция қоры инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі жүргізетін болады.

«Құрылыс жұмыстарының басталғанына 4 айдан асты. Қазіргі кезде 100-ден астам жұмысшы және 20 шақты техника жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда дайын өнімге арналған қойманың құрылысы жүріп жатыр, осы екі апта ішінде құрылысы басталады. Құрал-жабдықтарды жеткізушілердің бәрі әлемге белгілі Америка, Германия, Италия секілді елдердің компаниялары», - деді Қ.Бишімбаев.

 

 

Хабарламаларға жазылу