Елена Тарасенко: Орталық – үлкен көрсетілім алаңына айналары сөзсіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Тарасенко: Орталық – үлкен көрсетілім алаңына айналары сөзсіз

04.09.2015
Елена Тарасенко: Орталық – үлкен көрсетілім алаңына айналары сөзсіз

Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы жетекшісінің орынбасары, Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко орталық туралы ойымен бөлісті.

«Бұл орталық – бүгінде алдымызға қойылып отырған  5  институционалдық реформаның жүзеге асырылуының бір көрінісі.  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы бұл процеске түбегейлі қосылған.

Ұлттық комиссия мен EXPO-2017 көрмесінің арасында «жасыл» экономиканы дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылғаны белгілі. Ал, бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Мұнда барлығы «жасыл» технологиямен жабдықталған.

Бүгін кәсіпкерлер мен өнертапқыштарымыздан бірқатар жаңа инновациялық ұсыныстарды естідік. Күннен қуат алатын батареялар мен коллекторлар, фитодиодты жылыжай және күн биовегераийі, энергия үнемдейтін сорғылар. Бір қуанарлығы, бұл құрылғылардың барлығы да – қазақстандық өнім. Орталық – үлкен көрсетілім алаңына айналары сөзсіз»,-деді ол.

Хабарламаларға жазылу