Астанада Түркі кеңесінің білім беру саласы басшыларының отырыстары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Түркі кеңесінің білім беру саласы басшыларының отырыстары өтеді

04.09.2015
Астанада Түркі кеңесінің білім беру саласы басшыларының отырыстары өтеді

4 қыркүйекте өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесінің Білім министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларының V кездесуіне  Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркияның білім беру саласының 26 басшысы және Түркі кеңесінің өкілдері қатысады.

5-қыркүйекте, Түркі кеңесінің білім министрлерінің IV Отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасанов, Әзірбайжан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Фирудин Гурбанов, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Әділет Бекбоев, Түркияның Ұлттық білім беру министрі Наби Авджы қатысады.

Кеңестің қатысушылары бағдарламалардың мазмұны және жалпы түркі тарихы оқулықтарын дайындау  география мен әдебиет пәндері бойынша бірқатар мәселелерді талқылайды. Қазір оқулықтар әзірлену сатысында, мүше-елдер бағдарламаны қайта қарау және мазмұны туралы өз ұсыныстарын енгізуде. Өңдеу аяқталғаннан кейін оқулықтар мектеп бағдарламасына енгізіледі.

Түркі кеңесі елдерінің өкілдері одан әрі орта мектептер мен жоғары оқу орындарының студенттерін алмастырудың бағдарламасын және қаржылық мәселесін талқылайды. Түрік Республикасы осы жобаны іске асырушы алғашқы мемлекет болмақ. Сондай-ақ, білім беру саласының басшылары Түркі академиясы мен Түркі тілдес елдер университеттерінің Одағы арасындағы ынтымақтастықтың шарттарын және басқа да мәселелерді талқылайды.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу