Елордада ертең аутизмі бар балаларға инклюзивті білім беру мәселесіне арналған халықаралық семинар-конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ертең аутизмі бар балаларға инклюзивті білім беру мәселесіне арналған халықаралық семинар-конференция өтеді

03.09.2015
 Елордада ертең аутизмі бар балаларға инклюзивті білім беру мәселесіне арналған халықаралық семинар-конференция өтеді

Онда аутизмі бар балаларды мектепке дейінгі мекемелерге ықпалдастыру мәселесі талқыланатын болады. Бүгінгі таңда ерекшеліктері бар балаларға білім беру мәселесіне әлемде барынша назар аударылуда. АҚШ пен Израиль елдерінің зертету инстиуттарының мәліметтерінше, 2030 жылы әрбір 20-ша бала аутизмнен зардап шегетін болады.   

Өкінішке қарай, Қазақстанда ерекше назарда қажет ететін балаларға білім беру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл реттегі басты мәселе балаларды оқытуға кәсіби деңгейде дайындайтын  мамандардың жетіспеушілігіне келіп тіреледі. Бұл ата-аналар мен балалар үшін басты шаруалардың бірі болып қалып отыр.

Бүгінгі жоба аясында  ерекше қасиеттері бар балалар Қазақстан Республикасында білім алу жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік алмақ.    

Конференцияға инклюзивті білім беру саласындағы қазақстандық мамандар мен сарапшылар  сөз сөйлейтін болады.  Сонымен қатар, шараға Бүкіләлемдік халықаралық арнайы білім беру мен қызметтер қауымдастығының атқарушы директоры, Иерусалимдегі еврей университеті мен Финляндия университетінің профессоры, арнайы білім беру саласындағы зерттеулер мен мақалалардың авторы Томас Питер Гумпель қатысады.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу