Оңтүстік Қазақстанда бағаны негізсіз көтермеу мақсатында 458 меморандумға қол қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда бағаны негізсіз көтермеу мақсатында 458 меморандумға қол қойылған

03.09.2015
Оңтүстік Қазақстанда бағаны негізсіз көтермеу мақсатында 458 меморандумға қол қойылған

Облыста  бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылып, іс-шара жоспары жасалып, жұмыс жүргізілуде.

Штабта 4 жұмыс тобы бар. Қазірге дейін ірі базарлардың, сауда орындарының, дәріханалардың басшыларымен мәжіліс өткізіліп, бағаны негізсіз көтермеуге байланысты  458 меморандумға қол қойылған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

«Бүгінде әлем экономикасы күрделі жағдайды бастан кешіп отырғаны белгілі.  Бұл үдерістердің біздің елімізге әсерін тигізбей қоймағаны анық.  Үкімет ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. Теңгенің нарықтық бағамын қалыптыстырмайынша, еліміздің ішкі жалпы өнімінің көлемінің төмендейтіні, отандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктері  шектелетіні анық,  - деді Арман Айдарұлы. 

Оның айтуынша, теңге бағамының өзгеруі отандық тауарлардың бағасына әсер етпеуі тиіс. Сондықтан, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін мониторингті күшейту мақсатында облыс бойынша мобильдік топтар құрылған. Олар күнделікті сауда нүктелеріндегі нақты жағдайды айқындап отырады.

 

 

Хабарламаларға жазылу