Қазақстандық әскери қызметшілер Бейжіңдегі парадта жетінші болып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскери қызметшілер Бейжіңдегі парадта жетінші болып өтті

03.09.2015
Қазақстандық әскери қызметшілер Бейжіңдегі парадта жетінші болып өтті

Қазақстаннан бұл ауқымды армиялық шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрмет қарауыл ротасы қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қытайдың бас алаңында 32 топ адымдап өтті, оның ішінде 15-і парадты өткізіп отырған Қытай елінің әскерилері. Ерекше дайындалған 76 қазақстандық әскери қызметшілерден тұратын топ Қытай маршының әуенімен Бейжіңнің бас алаңында шетелдіктердің  арасында жетінші болып өтті.

Барлығы парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, Куба, Мексика, Сербия, Мысыр және тағы басқалары бар.

«Біз ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы Қытайдағы парадта Қазақстанды көрсету мүмкіндігі берілгенін мақтаныш тұтамыз. Бұл іс-шарада біз қазақстандық армияның қуаты мен айбынын көрсетіп, елімізді жоғары деңгейде танытқанымызға сенімдіміз», - деді құрмет қараулы ротасының командирі капитан Мақсат Байжігітов.

Дайындық уақытында ҚХР халықтық қарулы полициясы Бейжің командалық училищесінің аумағында 6 бірлескен жаттығу өткізді. Онда шет елдердің әскери қызметшілері орналастырылып, дайындықтан өткенін айта кеткен жөн. Құрмет қарауыл ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметшілері іріктеліп алынды.



 

Хабарламаларға жазылу