«Қазақмыс» Жезқазғандағы балалар үйіне 15 млн теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақмыс» Жезқазғандағы балалар үйіне 15 млн теңге бөлді

02.09.2015
«Қазақмыс» Жезқазғандағы балалар үйіне 15 млн теңге бөлді

Қазақмыс компаниясы жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» атты акциясына қолдау көрсетуде.

Биылғы жылы корпорация Жезқазғандағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 15 миллион теңге қаржы бөлді.

«Мектепке жол» акциясы аясында өткен салтанатты іс-шараға «Жезқазғантүстіметал» кәсіпорнының Бас директоры Қайрат Шалмағамбетов, сенатор Сергей Ершов және Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов қатысты.

Олар қайта оңтайландырылған спорт алаңын аралап, балаларды биылғы жаңа оқу жылымен құттықтады. Қазақмыс – әлеуметтік жауапты әріптес, компанияның мұрындық болуымен  әр жылдары Жезқазған аумағында бірнеше рет әлеуметтік нысандар бой көтерді.                       

«Қазақмыс компаниясы әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөледі. Әсіресе балаларға қатысты болса. Жас өспірімдер біздің мемлекетіміздің болашағы, сондықтан біз олардың өмір сүру жағдайын жақсартып, сапалы білім алуларына барынша қолдау көрсетеміз. Корпорация мен Үміт балалар үйін көпжылдық достық қарым-қатынас байланыстырады», – деді «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Бақтияр Қрықпышев.

 

Хабарламаларға жазылу