Белгі беру және байланыс жүйесі пойыз қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, темір жолда апаттық жағдайлардың алдын алуға қызмет көрсетеді.
Боржақты – Ерсай теміржол желісі теңіз көлігі қозғалысының маңызды инфраструктуралық нысаны болып табылады. Ол Маңғышлақ – Өзен магистралімен түйісіп, паром кешені орналасқан Каспидегі Құрық айлағына апарады. Қазіргі таңда теңіз жағалауы алып құрылыс алаңына айналған.
Желі бойында түгелімен Ebilock-950 қондырғысы толық орнатылғаннан кейін іске қосу шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.