ОПЕК мұнаймен байланысты жағдайды талқыға салатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК мұнаймен байланысты жағдайды талқыға салатын болды

01.09.2015
ОПЕК мұнаймен байланысты жағдайды талқыға салатын болды

Бұл туралы Day.Az Trend, агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
 
Агенттіктің хабарлауынша, ОПЕК бәрібір өзінің мүддесін қорғайды. Картельдің қатысушылары негізінен дамушы мемлекеттер және олар мұнай экспортына көп тәуелді. Оларда бұдан басқа жол да жоқ.  

Сондай-ақ агінттік мұнай өндіру көлемі мен мұнай нарығындағы алыпсатарлықтың ауқымының кеңеюі ОПЕК-ке мүше мемлекеттерді алаңдатып отыр. 

Жағдай осылай жалғаса беретін болса, олар өздерінің кірістерін жоғалтып қана қоймай, болашағынан үміт күттіретін қуаттарды өндіру ісіне инвестиция салуды тоқтатуы, тіпті  мүлдем күн тәртібінен алынып тастауы мүмкін. 

Картель өкілдерінің пікірлерінше, болашақ мұнай нарығы үшін ынтымақтастық басты факто р  болып табылады, оны дамыту тек барлық ойыншылардың диалогтарының арқасында ғана мүмкін болмақ.   Сонымен қатар,  қалыптасқан мәселелер ақылдаса отырып, шешілетін болса, мұнай нарығының  болашағы бүгінгіден әлдеқайда зор болады. 

ОПЕК-тің кезекті отырысы 4-желтоқсанда өтуы керек.    

Бүгініг таңда ОПЕК тарапынан мұнай өндіруге қойылған үлес тәулігіне 30 миллион баррельді құрайды.  

 

Хабарламаларға жазылу