«Союз ТМА-18М» мемлекеттік ұшу кемесінің негізгі және қосымша экипаждарының ұшуға дайындықтарының қорытындысын шығарған Мемлекеттік комиссия экипаждарда төмендегідей құрамды бекітті, деп хабарлайды www.roscosmos.ru.
Бекітілген құрам бойынша, негізгі экипажға «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі -Сергей Волков және аталмыш кеменің бірінші бортинженері Андреас Могенсен мен екінші бортинженері Айдын Айымбетов болады.
Қосымша экипаж құрамында «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі Олег Скрипочка, бірінші бортинженер Тома Песка, екінші бортинженер Сергей Прокофьев бар.
«Союз ТМА-18М» кемесінің ұшырылуы қыркүйектің 2-не 07:36 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағында өтеді.