«Баламен бетпе-бет» хабарын көріңіз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баламен бетпе-бет» хабарын көріңіз!

30.08.2015
«Баламен бетпе-бет» хабарын көріңіз!

Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», деген сөз бар. Бұл – қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыруды білдіреді.

Халқымыз  бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Ұрлық-қиянат жасамау, өтірік айтпау сынды қасиеттерді баланың бойына сәби кезінен дарытуды мақсат тұтқан ұлтымызда «Балалы үйдің ұрлығы жатпас», деген де нақыл бар.

Яғни, баланың дүниеге көзқарасы өзгеше. Бала жалған сөйлемейді, кейде ересектер байқамағанды олар байқайды. Бүгін 11:00-де «Баламен бетпе-бет» хабарының жаңа шығарылымын көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу