«ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК-ын дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК-ын дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясы бекітілді

28.08.2015
«ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК-ын дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясы бекітілді

Астанада  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың  төрағалығымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мәжілісі өтті.

Компания баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, «ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Директорлар кеңесінің мүшелеріне компанияны 2015-2025 жылдар аралығында дамытудың стратегиясын ұсынды.

Құжатта алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қажетті тактикалық шаралар қарастырылған. Стратегия сәтімен жүзеге асқан жағдайда ол Қазатомөнеркәсіп пен Қазақстанға уранды өндіру жағынан әлемдегі көшбасшы ел болып қалуына ықпал етеді.

Ол үшін қолданыстағы кеніштерді дамытып, жаңа кеніштер ашатын болады. Сондай-ақ уранның өзіндік құнын арзандатып, оны өндіру тиімділігін арттыратын жаңа технологиялар енгізілмек.

Компанияны дамыту стратегиясы аясында корпоративті басқару жүйесін жетілдіріп, бизнес-үдерістер жетілдіріледі, сондай-ақ олар кәсіби емес активтерден құтылмақ.

Аталғандармен қоса, құжатта кадр мәселесін оңтайландыру жағы да қарастырылған. Мәжіліс қорытындысына байланысты «ҚазАтомөнеркәсп» ҰАК дамытудың 2015-2025 жылдарға бағытталған жаңа стратегиясы бекітілді.

Хабарламаларға жазылу