Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Маңғыстаудың жас спортшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Маңғыстаудың жас спортшыларымен кездесті

27.08.2015
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Маңғыстаудың жас спортшыларымен кездесті

Атақты боксшы балалар мен жасөспірімдердің «Жастар» спорт мектебінде болып, болашақ чемпиондармен жүздесті.   

Онда бокс шебері балалардың сауалдарына жауап беріп, оларға өзінің ақ тілегін жолдап, шеберлік сабақтарын көрсетті. Балалар бірінен-соң бірі спорт жұлдызымен бір рет болса да қолғап түйсітіріп қалуға ұмтылып жатты. Аздаған жаттығулардан соң балалар Лондон Олимпиадасының жеңімпазымен сіретке түсіп, қолтаңба алды.

Кездесуде балалардың сауалдарына жауап берген С.Сәпиев оларға өзіңнің қолыңнан іс келетінін көрсету үшін үздіксіз жаттығып, шынығу қажеттігін айтты. С.Сәпиев қашанда балалармен жолығып, сұхбаттасуға әзір екендігін, әсірсе көзінде «ұшқыны» бар балаларға ерекше қуанатындығын жеткізді.   

«Маңғыстаудан небір бокс дүлдүлдері шыққан. олардың бірі Әділбек Ниязымбетов. Ол  2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Біз енді оның Рио-де-Жанейродағы өнерін тамашалайтын боламыз. Жалпы Маңғыстауда болашағынан үміт күттіретін жастар жеткілікті. Оның үстіне бұл жерде бокспен айналысуға қажетті жақсы жағдайлар да жасалған», -деді Олимпиада чемпионы. 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу