Қазақстан, Ресей, Белорусь, Түркия және Франция өзара қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Ресей, Белорусь, Түркия және Франция өзара қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді жоспарлап отыр

26.08.2015
Қазақстан, Ресей, Белорусь, Түркия және Франция өзара қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен оқу орындарында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің және Ресей, Белорусь, Франция мен Түркия елшіліктерінің өкілдері қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери ғылымды дамыту персективаларын, халықаралық әскери-техникалық интеграцияның мүмкіндіктерін, заманауи қару-жарақ пен арнайы техникаларды өзара жеткізу мәселелерін талқылады.  

Конференция аяқталысымен оған қатысушылар іс-шара барысында айтылған ұсыныстарды іске асыруға арналған жоспар әзірлемек, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Қазақстанда әскери өнім шығару және оны екі жақты пайдалану өнідірісімен айналысатын бірқатар кәсіпорындар қызмет ететінін айта кеткен жөн.

Атап айтсақ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М.Киров атындағы көлік өндірісі зауыты» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС сияқты зауыттар сапалы жылуға ден қойғыш құрылғыларын, нысанаға арналған линзалар, түнде көруге арналған құрылғылар, автоматтандырылған басқару құрылғысын шетке шығара алады.

 

Хабарламаларға жазылу