Арнайы есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету тәртібіне өзгеріс керек - ДСӘДМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету тәртібіне өзгеріс керек - ДСӘДМ

25.08.2015
Арнайы есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету тәртібіне өзгеріс керек - ДСӘДМ

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова  Орталық коммуникациялар қызметінде мәліметті.

Оның сөзінше, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында анықтау қызметінде есепте тұратын адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережелеріне өзгертулер енгізу қажет.

Аталмыш өзгерістер анықтау қызметінде есепте тұрған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарымен байланысты. 

Бүгіні таңда ІІМ-ның Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметтері бойынша,   жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырған жұмыстардың нәтижесінде 1 мың 280  ем қабылдау жағынан, 49 адамға білім беру бағыттары бойынша көмек көрсеіліп,  1 мың13 адамға психологиялық тұрғыда қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, 55 адамның құжаттарын қалпына келтіру бойынша жердем жасалып, 1 мың 761 азхаматқа өзге де түрлі көмектер көрсетілген.        

Жылына еліміздің бас бостандығынан айыру орындарынан 9-дан 11 мың аралығында азаматтар босайды. 2015 жылдың 5 айында 7 мың 634 адам қылмыстық жауаптарын өтеп қайтты.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу