«Таңшолпанда» қонақта - Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және өнертанушы Әлқуат Қазақбаев.
Тамыздың 19-21-і аралығында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында І Халықаралық археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Қарақаба жазығында өткен шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Моңғолияның белгілі түркітанушы ғалымдары, археологиялық институттардың басшылары, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
«Негізгі мақсат - тарихымызды түгендеу. Оның негізгі жолдарының бірі - археологиялық қазба жұмыстары. Алтай тауларынан бастап отырған себебіміз, Алтай - бүкіл түркі халықтары үшін қасиетті саналады. Шара барысында «Алтай - алтын бесік» атты атты семинар ұйымдастырылып, нәтижесінде бұдан кейін де зерттеу жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, тарихымызды тың деректермен толықтыра түсу үшін алдағы уақытта Қырғызстан, Кавказ, Венгрия, Моңғолия және басқа да түркілердің табаны тиген жерлердің бәрін аралауды жоспарлап отырмыз. Одан кейінгі мақсат - Еуразия кеңістігін шарлап шығу», дейді академия президенті Дархан Қыдырәлі.
Зерттеу жұмыстары кезінде анықталған ғылыми жаңалықтар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.