Босқындар Еуропаның басты проблемасына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босқындар Еуропаның басты проблемасына айналды

24.08.2015
Босқындар Еуропаның басты проблемасына айналды

Бұл жағдай уақыт өткен сайын ушыға түсуде. Ал, Германияда Еуропа елдеріне баруға ұмтылған босқындарды қабылдауға арналған баспаналар өртенуде. Мұндай жағдайдың осыған дейін бірнеше фактісі тіркелді.       

Қалаларда түрлі демонстрациялар ұйымдастырылып, олардың соңы наразылық білдірушілер мен тәртіп сақыларының қақтысығына алып келуде. Германияның Унтервайссах қаласында босқындарға баспана ұйымдастырлуы тиіс ғимарат өртеніп кеткен. Полиция оның әдей жасалынған оқиға болуы мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Өйткені, соңғы уақытта осындай баспаналармен байланысты жағдай қиындап барады, деп жазады  searchnews.info.

Саксондық Хайденау қаласында демалыс күндері радикалды топтар босқындарды орналастыруға арналған баспаналарды күзетіп жүрген полиция қызметкерлерімен керісіп қалды. Нәтижесінде 30-дан астам тәртіп сақшылары түрлі дене жарақаттарын алды.

БАҚ-та мыңдаған мигранттардың Еуропа елдеріне келуге ұмтылатындығы туралы ақпараттар көп және күнде таруда. Соғыстан, аштық пен жұмыссыздықтан, тұрақсыздықтан әбден мезі болған олар балаларымен бірге елден кетуге мәжбүр. Ал осындай көшіп-қонушылардың көптігі бүгінгі таңда Еуропа елдерінің  басты проблемасына айналып отыр.   


 

Хабарламаларға жазылу